БЖЗҚ 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

Жарияланды
БЖЗҚ 9 айдан бері бірінші рет 284,9 млрд теңгеге шығынға ұшыраған / Фото: kursiv.media

БЖЗҚ 9 айдан бері бірінші рет инвестициялық шығынға ұшырады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

«2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ 9 ай ішінде алғаш рет инвестициялық шығынға ұшырады. Жалпы шығын сомасы – 284,9 млрд теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Бюро мәліметінше, бұл жағдайға негізінен нарықтағы құбылмалылық және әртүрлі экономикалық факторлар әсер еткен.

Негізгі себептері

Шығындардың негізгі себептері бағалы қағаздарды қайта бағалау және сыртқы басқарумен байланысты болған.

  • Бағалы қағаздарды қайта бағалаудан туындаған шығындар – 252,1 млрд теңгеге жеткен;
  • Ал сыртқы басқару шығындары – 120,2 млрд теңгені құрады.

Жалпы, мұндай шығынға нарықтағы тұрақсыздық себеп болған. Әсіресе, АҚШ президенті Дональд Трамптың тарифтер енгізуге қатысты мәлімдемелері нарықты біраз құбылтқан. Тағы бір маңызды фактор — теңгенің нығаюы. Теңгенің нығаюы негізінде 52,9 млрд теңге шығын келген. Ал бағалы қағаздар бойынша сыйақы көлемі 139,9 млрд теңгеге жеткен. Алайда бұл сома жалпы шығындарды жабуға жеткіліксіз болған.

Сондай-ақ оқыңыз