Түркияда қарулы ер адам мейрамханаға келгендерді кепілге алды

Түркияда мейрамхана қонақтарын кепілге алынды, бір адам жарақат алған. Оқиға Коджаэли қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған.
Оқиға қалай болды?
Report хабарлауынша, атыс кезінде бір адамға оқ тиген. Оқыс оқиға былай өрбіген. Аталған түрік қаласының Осман Йылмаз кварталында орналасқан мейрамханалардың біріне қарулы ер адам кіріп келіп, отырғандардың бірін атып тастаған. Қалғандарын кепілге алған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктінің қаруын тартып алып, өзін қолға түсірген.
Жарақат алған адам аман. Қазір ауруханаға жіберілген.
Неге Түркияда мұндай оқиға көп болады?
Былтыр ақпан айында осы Коджаэли қаласында тағы да бір оқыс оқиға болды. Procter & Gamble компаниясының фабрикасының қызметкерін белгісіз біреу кепілдікке алған еді. Ол мұнысын Газа секторындағы Израиль әрекетіне қарсылығымен байланыстырған.
Оқиға орнына арнайы жасақ пен медицина қызметкерлері жеткен еді. Күдікті бомбасы бар екенін айтқан. Ол фабрикаға қақпаның үстінен асып түсіп кірген.
Мұның алдында Түркияда шахтада жарылыс болып, жұмысшылар үйінді астында қалып қойған болатын.