
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ төрағасы болып Фархат Сәрсекеев тағайындалды. «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы қордың ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
«Даму» қорының жаңа басшысы кім?
Фархат Сәрсекеев 1984 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде және Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында білім алған.
Мансабын 2005 жылы банк секторында бастаған.
- 2005-2006 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ-да, 2008-2009 жылдары «Демир Банк Қазақстан» АҚ-да жұмыс істейді.
- 2009-2010 жылдары «АТФ Банкте» бас маманы атанды. Сондай-ақ «Қазақстан Даму Банкі», «Сбербанкте» жұмыс істейді.
- 2018 жылдан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына келіп, басқарушы директоры, басқарма төрағасы атанды.
2023 жылдан бастап қазіргі қызметке дейін «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-да Корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директоры еді.
Бұған дейін де қордың басқарма құрамында өзгеріс болған. Нұрлан Байбазаров «Даму» қорының директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Ал Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кеңестің жаңа мүшесі атанды.