Еуропа одағы Сирияға салған кейбір шектеулерді алып тастады

Жарияланды
Фото: shutterstock

ЕО Сириядағы жағдайға байланысты кейбір шектеулерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Еуропалық Кеңес сайтында жазылған.

«Еуроодақ Сириямен, оның халқы және энергетика, транспорт тәрізді маңызды салаларындағы бизнесімен байланысын жеңілдетуге тырысады. Сондай-ақ осы секторларға қатысы бар және гуманитарлық, қалпына келтіру мақсатындағы банк және қаржылай операцияларды оңайлатпақшы», – деп жазылған Еуропалық Кеңестің хабарламасында.

Еуродақ кеңесі Сириямен байланыста нені өзгертеді?

  • энергетика (мұнай, газ, электрэнергиясы) және транспорт саласындағы кейбір шектеулерді тоқтата тұру
  • Сириядағы Өнеркәсіп банкі, Халық кредит банкі, Жинақ банкі, Ауыл шаруашылығы кооператив банкі және Syrian Arab Airlines тәрізді бес қаржы ұйымының активтерін бұғаттаудан шешті. Сирияның Орталық банкіне экономикалық ресурс және қаражат жіберуіне рұқсат берді
  • ЕО елдеріндегі қаржылай мекемелер мен сириялық банктер арасында энергетикалық және транспорт секторына және гуманитарлық мақсаттағы операциялар жүргізу үшін кейбір тыйым салынған шектеулерді алып тастады
  • гуманитарлық жеңілдіктерді белгісіз мерзімге дейін созды
  • Сирияға сән-салтанат заттарын экспорттауға тыйым салуға жеке пайдалану үшін жеңілдіктер енгізді

Осы жағдайдан кейін Еуроодақ Кеңесі экономикалық санкцияларды да жұмсарту мәселесін талқылайды. Бірақ ондай шара қолдануға лайықты екеніне көзжеткізу үшін елдегі жағдайды мұқият бақылап отырады.

Бірақ Еуроодақ Кеңесі Асад режиміне, химиялық қару-жарақ пен заңсыз наша саудасы секторларына қатысты санкцияларды сақтады. Сондай-ақ қару-жарақ сатуға тыйым салу, ішкі репрессияға арналған құрылғылар, тыңшылық әрекетке арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және сириялық мәдени мұра экспортына байланысты тыйымдар да өзгеріссіз қалады.

Еуроодақ санкцияларын Сириядағы халыққа қарсы репрессия бастады деген Асад режиміне қарсы салған еді.

Былтыр желтоқсанда елді 60 жылдан аса басқарған Асад әулеті тақтан кетті. Ел президенті Башар Асад отбасымен Мәскеуге қашып, Сирияда Ахмед әл-Шараа атты уақытша президент сайланды.

Осыдан кейін Еуроодақ Сирияға қарсы санкцияларды жеңілдетуге уәде берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз