Украинаны қолдау саммитіне қай елдердің басшысы жиналды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Киевте «Украинаны қолдау» саммиті өтіп жатыр / фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский Support Ukraine (Украинаны қолдау) саммитіне жиналғандарға алғыс айтты.

Киев қаласында бүгін, 24 ақпанда, соғыстың үш жылдығына орай ұйымдастырылған саммитке Финляндия, Латвия, Литва президенттері, Еуропалық кеңес жетекшісі Антониу Кошта, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен , Канада, Дания, Эстония, Исландия, Норвегия, Испания Швеция премьер-министрлері, ЕҚЫҰ бас хатшысы, Франция еуропалық істер министрі келді.

Бұған қоса, саммитке G7 (АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және Еуроодақ) көшбасшылары, Еуропаның басқа да елдерінің, НАТО, халықаралық институттардың жетекшілері мен өкілдері онлайн-форматта қатысады.

«Қолдау көрсеткендеріңізге алғыс айтамын! Үш жылда бірліктен, шындықтан таймай, басты мақсатымыз – Украинаға ұзақ уақыт бейбітшілік әкелу үмітін маздатқандарыңыз үшін алғысым шексіз», – деп жазды Зеленский.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон да Киевке арнайы келді.

Мәліметтерге қарағанда, саммитке 13 елдің басшысы, тағы 24 саясаткер онлайн қатысады.

Саммит қарсаңында Владимир Зеленский БАҚ өкілдері үшін ауқымды баспасөз конференциясын өткізіп, Украина мәселесіне қатысты өзекті сауалдарға жауап берген.

Сондай-ақ оқыңыз