AIX биржасында I-REC «жасыл» сертификаттарының саудасы өтті

Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) жанындағы AIX биржасында алғаш рет «жасыл» сертификаттар (I-REC – International Renewable Energy Certificates) саудаланды. Бұл халықаралық сертификаттау жүйесі экологиялық таза көздерден өндірілген электр энергиясын растайды және «жасыл» қаржыландыруға жол ашады.
I-REC сертификаттары деген не?
I-REC – бұл жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясының шығу тегін растайтын халықаралық сертификат. Ол елдегі көміртек ізін азайтуға және тұрақты энергетиканы дамытуға бағытталған.
I-REC сертификаттарының негізгі мақсаттары:
- Энергияның жасыл көздерін қолдау – күн, жел және су электр станцияларын дамыту.
- Көміртегі шығарындыларын азайту – парниктік газдардың мөлшерін төмендету.
- Экологиялық қаржыландыру алу – банктер мен экологиялық қорлардан жеңілдетілген несие және инвестициялар тарту.
- Кәсіпорындардың ESG талаптарына сәйкестігі – (Environmental, Social, Governance) стандарттарына сай болу.
Қазіргі таңда I-REC сертификаттарын 50-ден астам елде пайдаланады, оның ішінде Еуропа, АҚШ, Қытай және Латын Америкасының мемлекеттері бар.
Қазақстанда I-REC сертификаттары 2022 жылы биржадан тыс нарықта сатылған ECOJER қауымдастығы нарыққа жасыл сертификаттарын шығарып, оны «ҚазМұнайГаз» компаниясы сатып алған.