
Ресей астанасы Мәскеуде белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күні өтті. Шараға Қазақстан мен Ресейдің танымал тұлғалары жиналды.
Мерекелік кешке келген қонақтар қатарында: Әлия Назарбаева, белгілі журналист Айгүл Мүкей, әнші Ержан Нұрғалиев, Ресейдің халық әртісі Надежда Бабкина болды.
Кеш жабық форматта, Мәскеудің беделді «Ярь» мейрамханасында өтті. Іс-шараға жиналғандар Клара Күзденбаеваның кәсіби жетістіктерін, онымен жеке қарым-қатынастарын ерекше атап көрсетті.
Айта кетейік, Клара Күзденбаева – нумерология саласында танымал тұлға, оның есімі Қазақстанда да, Ресейде де белгілі. Көптеген атақты адамдармен жұмыс істеп, өзінің ерекше болжамдарымен танылған.