Астана – Самарқан бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Астана – Самарқан бағытында жаңа әуе рейсі ашылады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылғы 1 мамырдан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астана – Самарқан бағытында жаңа рейсін іске қосады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Жаңа рейс кестесі

Астана – Самaрқан әуе бағыты аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Бейсенбі:

  • IQ369 Астана 16:15 – Самарқан 20:00
  • IQ510 Самарқан 21:00 – Астана 01:30

Жексенбі:

  • IQ369 Астана 07:25 – Сaмарқан 11:00
  • IQ510 Сaмарқан 12:00 – Астана 15:30

Түркістан – Самарқан рейсі де іске қосылады

Сонымен қатар, Түркістан – Сaмарқан бағыты бойынша да әуе қатынасы болады. Бұл рейстер бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Бейсенбі:

  • Түркістан 19:10 – Сaмарқан 20:00
  • Сaмарқан 21:00 – Түркістан 21:50

Жексенбі:

Түркістан 10:10 – Сaмарқан 11:00
Сaмарқан 12:00 – Түркістан 13:00

QAZAQ AIR өз рейстерін De-Havilland Dash 8-Q400 үлгісіндегі канадалық заманауи ұшақтармен орындайды. Бұл әуе кемелері жоғары қауіпсіздік деңгейі мен жолаушыларға жайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыз