
2025 жылғы 1 мамырдан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астана – Самарқан бағытында жаңа рейсін іске қосады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Жаңа рейс кестесі
Астана – Самaрқан әуе бағыты аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Бейсенбі:
- IQ369 Астана 16:15 – Самарқан 20:00
- IQ510 Самарқан 21:00 – Астана 01:30
Жексенбі:
- IQ369 Астана 07:25 – Сaмарқан 11:00
- IQ510 Сaмарқан 12:00 – Астана 15:30
Түркістан – Самарқан рейсі де іске қосылады
Сонымен қатар, Түркістан – Сaмарқан бағыты бойынша да әуе қатынасы болады. Бұл рейстер бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Бейсенбі:
- Түркістан 19:10 – Сaмарқан 20:00
- Сaмарқан 21:00 – Түркістан 21:50
Жексенбі:
Түркістан 10:10 – Сaмарқан 11:00
Сaмарқан 12:00 – Түркістан 13:00
QAZAQ AIR өз рейстерін De-Havilland Dash 8-Q400 үлгісіндегі канадалық заманауи ұшақтармен орындайды. Бұл әуе кемелері жоғары қауіпсіздік деңгейі мен жолаушыларға жайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.