АЭС-тің қайда салынатыны белгілі болды

Жарияланды
АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының қайда салынатыны белгілі болды. Үкімет қаулысына сәйкес, Атом станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.

Қаулы 2024 жылдың 30 желтоқсанында қабылданды. Бірақ құжат ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Ол ресми түрде 2025 жылы 25 ақпанда қабылданған.

Жалпы, Қазақстанда бір емес бірнеше атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Бірі Алматы облысында салынса, екіншісі – Абай облысында, бұрынғы Семей полигоны маңында бой көтеруі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, Курчатов қаласы АЭС салуға қолайлы орын ретінде қарастырылуда. Ал үшінші АЭС салынатын орын ретінде Ақтау қаласы қарастырылып жатқанын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз