2026 жылдан бастап жаңғырту жүргізбеген базар иелеріне айыппұл салына бастайды

Жарияланды
базар
Жаңғырту жұмыстарын жүргізбеген базар иелері айыппұл арқалауы мүмкін / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жүргізбеген базар иелеріне қомақты айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жаңғыртуды қамтамасыз етпеген сауда базарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланған», – деді министрлік өкілі.

Министрлік өкілі сауда базарларының жай-күйін қадағалау мақсатында ақпан мен сәуір аралығында базарларды тексереді. Тексеріс жұмыстары барлық өңірдегі базарларда жүргізіледі.

Бұл шаралар әкімдіктер мен мемлекеттік кірістер комитетінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесінің және СЭС органдарының өкілдерінің қадағалауымен жүзеге асырылады.

«Базарларды жаңғырту – бұл бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі екенін ескеру қажет. Модернизиция тек сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да қолайлы және қауіпсіз жағдай жасайды. Әкімдіктер мен аумақтық сауда департаменттері жаңғыртуды уақытылы әрі сапалы жүргізу және модернизацияға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді жою бойынша жұмысты күшейтуі қажет», – деді Әбілдабеков.

Сондай-ақ оқыңыз