Өскемендегі су электр станциясын кім иеленеді

Жарияланды
Фото: shutterstock

«Самұрық -Энерго» енді «Өскемен ГЭС» ЖШС-ның иесі емес. Қазақстан қор биржасында «Самұрық-Энергоның» суэлектрстанцияны өз иелегінен шығарып тастағаны туралы өтінім жарияланды.

Өскемен су станциясы – Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенінің бойында орналасқан.

2022 жылы «Өскемен ГЭС» ЖШС «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына өткен еді. Сол кезде су электр станциясын жеке инвесторға сату деген жоспар болған еді. Кейінірек бұл жоспардан бас тартты.

2024 жылы су станциясы «Самұрық-Қазына» меншігінен «Самұрық-Энерго» иелігіне өтті. Бір жыл өткеннен кейін, бұл кәсіпорнын тағы да иеліктен шығарып тастады. Бірақ кімнің қарамағына өтетіні белгісіз.

«Самұрық-Энергоға» басқа қандай компаниялар тиесілі?

Қор биржасындағы дерекке сүйенсек, «Самұрық-Энерго» АҚ-ға 16 кәсіпорын қарайды. Компания «Алматы электр Станциялары» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, EWP ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС, «Балқаш ЖЭС» АҚ, Qazaq Green Power PLC және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС-ны толық иеленеді.

Сондай-ақ «Энергия Семиречья» ЖШС (25%), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (96,32%), «Өскемен ГЭС» АҚ (89,99%), «Шүлбі СЭС» АҚ (92,14%) және «Forum Muider Limited» компаниясына (50%) иелік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз