Жаңалықтар

«Теңізшевройл» компаниясына жаңа басшы келді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы ең ірі мұнай өңдеуші кәсіпорынның басшылығы ауысты. «Теңізшевройл» ЖШС-ның жаңа директоры болып Уильям Лакоби болады.

Уильям Лакоби 30 жылдан астам Chevron компаниясында қызмет еткен. 2021 жылдың қарашасынан бастап компанияның Оңтүстік Африкадағы стратегиялық бизнес бөлімін басқарған.

Бұған дейін 2021 жылдан бастап «Теңізшевройл» ЖШС-ны Кевин Лайон басқаратын. Осы жылы ақпанда Лайон депутаттар алдына барып, компаниядағы қазақстандық үлескерлердің жайлы есеп берген еді.

«Теңізшевройл» (ТШО) – Теңіз кен орнын игеруші ең ірі оператор. Компания акционерлері –  Chevron (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз»  (20%) және Лукойл (5%). 

Осы жылы «Теңізшевройл» келешек кеңею жобасы аясында мұнай өндірісіне кірісті. Енді аталған кен орнынан жылына 12 млн тонна мұнай шығарады.