Cәкен Майғазиевтің концертінде әкесінің бетінен сүйген қыз елді сүйсіндірді (видео)

Жарияланды 26 Ақпан 2025 11:07

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

Тілші s.ostemir@kursiv.media
Сәкен Майғазиевтің өзі Қызылорда қаласында алғашқы концертік туры жоғары деңгейде өтті деп бағалап отыр./фото: facebook

Қызылордада өткен Cәкен Майғазиевтің концертінде әйгілі әнші әке туралы әнді орындады. Алғашқы қатарда отырған көрермен қыз әнге елітіп, қасында отырған әкесінің бетінен сүйіп алды.

Бұл әсерлі сәтті Cәкен Майғазиевтің өзі Инстаграм парақшасында бөлісті.

Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді

Танымал әншінің орындауындағы бұл әкесін сағынған жандарды қатты толғандыратыны анық. «Әке» әнінің авторы – Сара Жүнісбек.

Бұл ән талай жүректің қылын қозғап отыр. Майғазиев шығармашығын жақсы көретін Зухра Ғабит қызы Cәкен Майғазиевтің концертін тыңдап, ерекше сезімге бөленген.

«Осы әнді естісем көзімнен жас тоқтамайды», – деп жазды бейнежазба астында. Әрине, бұған себеп – әкесіне деген балалық махаббаты.

Сәкен Майғазиевтің концерттерінде адам көп жиналады. Гүл шоқтары да көп сыйланады.

Әке – асқар тау

Әкесінен ерте айырылған адамдардың жазбасын көңіліңді толқытады. Әсіресе, Сәкен Майғазиевтің әндері тыңдаушылардың жүрегінен ерекше орын алады.

«Әкемді сағындым. Қанша жыл өтсе де, әке туралы ән естісем, жүрегім жылайды. Бірақ Алланың үкіміне қалай қарсы шығасың? Әкемнің ғұмыры қамшының сабындай қысқа болды…», – деп жазды Әбдірахманова атты қолданушы.

Ол Сәкен Майғазиевтің әнін тыңдаған соң ата-аналарды көзінің тірісінде қадірлеуге шақырып отыр.

«Бағалалаңдар. Ата-анасы бар адамдар, сіздер – ең бай адамсыздар! Балалықпен мүмкін ата-анама жақсы қыз бола алмаған шығармын. Соған да кейде өкінемін…», – деп жазды тыңдармандарының бірі.

Мәдина Сәдуақасованың Сәкен туралы пікірі

Мұның алдында Мәдина Сәдуақасова алматылық бір топ өнер адамдары Сыр елі – Қызылордаға ұшып бара жатқанын айтқан. Ол Қызылорда қаласында өтетін Cәкен Майғазиевтің концерті жайлы хабарлады.

Ол кезде Мәдина Сәдуақасова танымал әншінің жасы 50-ге келіп қалғанын, Сәкенді аға тұтанын айтқан болатын.

Танымал әншінің өзі бұл пікірмен келіспей, өзінің әлі де болса, жас екенін айтқан болатын.

Сәкен Майғазиевтің өзі Қызылорда қаласында алғашқы концертік туры жоғары деңгейде өтті деп бағалап отыр.

Өмір жолы

Өнер иесі Түркістан облысының тумасы. Қазақстандағы ең танымал Мұзарт тобының әншісі. Өнердегі қызметі үшін «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деген атағы бар.

1993 жылы Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне түскен. «Соқпалы аспап және эстрада эншісі» бөлімінде дәріс алған. 1997 жылы Жүргенов атындағы «Өнер» академиясында білімін шыңдады. 2012 жылдан бастап өзі тәмамдаған колледжде ұстаздық етеді.

Сәкен Майғазиевтің бір ұлы және екі қызы бар. Үйлі-баранды.

Мұның алдында Сәкен Майғазиев биыл сүйікті тыңдарманымен бірге 50 жылдық мерейтойын тойлағалы отырғанын жазған едік. Осы себепті біз де Cәкен Майғазиевтің шығармашылығын бағалайтынымызды жеткізуіміз қажет.

Сондай-ақ оқыңыз