Жаңалықтар

Алматы-Астана тас жолының бойында жол апаты 4 адамның өмірін қиды

Алматы-Астана тас жолының бойынша жол апаты 4 адамның өмірін қиды
Алматы-Астана тас жолының бойынша жол апаты 4 адамның өмірін қиды/Видео кадры

26 ақпанда «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында жол апаты болып, 4 адам қаза тапты.

Мән-жайы

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше,, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
 
Аталған фактігі байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Полиция үндеуі

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

«Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рөлдегі немқұрайлық – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Бір жасалған қателік – адам өмірімен тең. Жолда сақ болып, өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қамқор болыңыздар» дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Қазақстанда көрші елдермен салыстырғанда айыппұл деңгейі жоғары екеніне қарамастан, жол апаттарының саны азаймай тұр.