Жаңалықтар

Берік Уәли Абай облысында кадрлық өзгерістерді бастап кетті

Берік Уәли Абай облысында кадрлық өзгерістерді бастап кетті/Коллаж: KursivMedia

Жуырда Абай облысының әкімі болып тағайындалған Берік Уәли өңірдегі кадрлық ауыс-түйістерді бастап кетті.

Абай облысының Қаржы басқармасының басшысы болып Гүлфайрус Серікболова тағайындалды. Ол бұған дейін аталған басқармада басшының орынбасары қызметін атқарған.

Ал оның басшысы болған Асхат Смаилов әкім орынбасары болып тағайындалды.

InformatorKZ телеграм арнасы облыстағы кадрлық ауыс-түйістер жалғаса түсетінін, облыс әкімі аппаратының басшысы, өңір әкімінің барлық орынбасарлары (Дмитрий Гариковтан басқа) және облыстық басқармалардың негізгі басшылары ауысуы мүмкін екенін жазады.

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып 2025 жылғы 17 ақпанда тағайындалған.

Ол қызметіне кірісе салысымен, бірнеше шендіге сөгіс жариялаған.