Жаңалықтар

Қатарлық инвестор UCC Holding Қызылорда қаласында бу-газ электр станциясын салады

 UCC Holding Қызылордада бу-газ электр станциясын салады
UCC Holding Қызылордада бу-газ электр станциясын салады / Фото:shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

25 ақпанда Қатардың UCC Holding компаниясы мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншілес кәсіпорны – Samruk Energy арасында Қызылордадағы 1000 МВт қуатты бу-газ электр станциясын (БГЭС) салу жөнінде акционерлік келісімге қол қойылды.

Бұл келісімге 2024 жылдың ақпанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катарға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған болатын. Сол сапардың нәтижесінде тараптар бірнеше ірі энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Жоба туралы негізгі дерек:

  • Орналатын жері: Қызылорда облысы
  • Қуаты: 1000 МВт (1 ГВт)
  • Қолданылатын технология: Бу-газ (газтурбиналық және бу-газ қондырғылары)
  • Инвестор: Катардың UCC Holding компаниясы
  • Қазақстанды серіктесі: «Самұрық-Энерго» АҚ
  • Қаржыландыру: Инвестор есебінен.

Бу-газ технологиясы – экологиялық тиімді, жоғары өнімді электр өндіру жүйесі. Бұл станция аймақтағы энергетикалық тапшылықты азайтып, тұтынушыларды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етеді.

UCC Holding ҚР энергетикалық секторындағы бірнеше ауқымды жобаларға инвестиция салмақ. Олардың қатарында Қашаған кен орнында екі газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы, КС-14 компрессорлық станциясын салу және «КС-14 – Қостанай» магистральдық газ құбырын тарту, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу бар.

Бұл келісімдер Қазақстанның газ саласын дамытуға ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.