Жаңалықтар

ҚТЖ наурыз мейрамдары қарсаңында қосымша пойыздар шығарады

8 Наурыз бен Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жүреді
8 наурыз бен Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жүреді / фото: ҚТЖ

«Қазақстан теміржолшысы» АҚ 8 наурыз және Наурыз мейрамы қарсаңында сұраныс жоғары бағыттарға қосымша пойыздар шығарып, вагондар санын арттырады. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар үшін қосымша 58 мыңнан астам орын қарастырылған.

8 наурыз мерекесіне арналған қосымша пойыздар мен вагондар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сұраныс жоғары бағыттарға 265 қосымша вагон тіркеледі. Сонымен қатар мерекеге орай қала маңы электр пойыздары қатынайды:

  • №6811/6812 «Астана-1 – Курорт Бурабай» пойызы 7, 8, 9, 10 наурыз күндері жүреді (екі бағытта).
  • №6868/6869 «Теміртау – Ақадыр» пойызы 7, 8, 9, 10 наурыз күндері жүреді (екі бағытта).

Осыған орай, 8 нaурыз мерекесіне 18 мың қосымша орын қарастырылған.

Наурыз мейрамында қосымша пойыздар шығады

Наурыз мейрамына байланысты компания 3 қосымша пойыз тағайындайды:

  • №201/202 «Астана (НЖ) – Алматы-1» пойызы 20, 21, 23, 24 наурыз күндері жүреді.
  • №203/204 «Астана-1 – Шымкент» пойызы 21, 22, 24, 25 наурыз күндері жүреді.
  • №257/258 «Ақтөбе – Астана (НЖ)» пойызы 16, 18, 20, 22, 23, 25 наурыз күндері жүреді.

Қосымша қала маңы электр пойыздары

  • №6811/6812 «Астана-1 – Курорт Бурабай» пойызы 21, 22, 23, 25 наурыз күндері жүреді.
  • №7553/7556 «Қарағанды – Астана-1» пойызы 21, 22, 23, 25 наурыз күндері жүреді.

Сонымен қатар Наурыз мейрамы кезінде сұраныс жоғары бағыттарға 432 қосымша вагон тіркеліп, жолаушыларға 20 мыңнан астам орын ұсынылады.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.