
Ұлттық киноны қолдау орталығы 5 наурыздан бастап киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады.
Фильмдерді іріктеу ережесіне өзгерістер енгізілген болатын. Бұл өзгерістер 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап күшіне енді.
2025 жылы киножобаларды іріктеу екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – сценарийлерді қарау (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарларын талдау (деректі және хроникалық фильмдер үшін).
Екінші кезең – Сараптама кеңесі таңдаған жобалардың құжаттарын жинақтау және тексеру.
Құжаттарды тапсыру тәртібі:
- Құжаттар тапсырылған соң, үміткерлерге қателерді түзетуге 3 күн уақыт беріледі.
- Талаптарға сай келген өтініштер Сараптама кеңесінің қарауына жіберіледі.
- Киножобалардың ашық қорғау (питчинг) күні белгіленіп, үміткерлерге хабарланады.
- Питчинг ашық форматта өтеді, Сараптама кеңесі әділ шешім шығару үшін әр категорияны мұқият қарастырады.
- Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын ведомствоаралық комиссияға ұсынады.
Конкурс туралы ақпарат қайда жарияланады?
Барлық кезеңдерге қатысты мәліметтер Ұлттық киноны қолдау орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
Бұл шара мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз етеді.
2025 жылы Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 10 жуық фильм прокатқа шығады.