
Ораза айында азық-түлік бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында айтты.
«Ораза айында азық-түлік қымбаттай ма? Оразаға қажетті ет, дәндер мен құрма бағасы қымбаттап кетуі күтіле ме? Саудагерлермен ораза айында бағаны көтермеу туралы алдын-ала келістіңіздер ме?» – деп сұрады журналист.
Министр мұсылмандар үшін қасиетті саналатын бұл айда азық-түлік бағасы арзандамаса, қымбаттамайтынын мәлімдеді. Шаққалиев бұл айда саудагерлердің қайырымдылық жасауға асығатынын айтады.
«Талай жылғы тәжірибеге сенсек, бұл айда сауда нүктелері көп жеңілдік жасауға тырысады. Дін ұстанған адамдар бұл айда пайда тапқаннан гөрі, қайырымды іс істеуге асығады. Бұл – жақсылық пен мейірім мерекесі саналады», – деді министр.
Шаққалиев ораза айында ешбір өңірде азық-түлік бағасы қымбаттамайтынын айтты.
Айта кетейік KursivMedia редакциясы оразаға қатысты толық ақпарат беретін мақала әзірледі. Бұл мақаламен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
Ал ҚМДБ бекіткен ораза кестесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.