Жаңалықтар

Перизат Қайрат басқарған қайырымдылық қор жабылады

Перизат Қайрат басқарған қор жабылады
Үкімет Перизат Қайрат басқарған қайырымдылық қорды күштеп жабады / Фото: Instagram; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Перизат Қайрат басқарған BizBirgemizQazaqstan2030 қайырымдылық қоры жабылады. Бұл туралы Tengrinews басылымы хабарлады.

«2025 жылғы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған бірлестікті мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз берілді», – деп хабарлайды басылым.

Басылымның мәліметінше, сотқа арызбен Қаржылық мониторинг агенттігі жүгінген. Агенттік BizBirgemizQazaqstan2030 АҚ-ны құру кезінде заң бұзылғанын алға тартқан.

Перизат Қайрат не үшін ұсталды?

Қайырымдылық қорға 2021 жылдан бері жетекшілік етіп келген Перизат Қайрат халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген айыппен қамауға алынған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ол су тасқынына, Палестинадағы соғыстан зардап шеккен халыққа, мүгедек балаларды оңалтуға жиналған қаражатты заңсыз иемденген.

Бұл қаражатқа қаражатқа айыпталушы сән-салтанатпен өмір сүріп, люкс санаттағы үйлер мен көліктер сатып алған. Сонымен бірге үнемі әлемдік қымбат брендтердің киім-кешегі мен бұйымдарын пайдаланған. Атап айтқанда, 88 млн теңгелік «Mercedes-Benz S450», 80 млн теңгелік «Lexus LX-600″ маркалы көліктерін мінген. Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada секілді әлемдік брендтердің киімі мен бұйымдарын пайдалавнып келген.

Бұл қорға су тасқыны кезінде бірнеше банк пен басқа демеушілер қомақты қаражат құйған. Қордың құрылтайшылары қатарында Матюшенко Сергей Владимирович, Мағзұм Арсланбек Талғатұлы, Тұрғанбай Шадияр Докторұлы, Аманбай Аружан Оразбайқызы, Болысов Тоқтар Коммунарович, Хисматуллин Дамир Сакенович, Серикжанова Айгерім Тельжанова, Сейітқамал Гүлназ Нұрланқызы, Хафиза Аян Бауыржанұлы сынды адамдар да болған.