Жаңалықтар

Астананың сауда орталықтарының бірінде өрт шықты

Астананың орталығындағы құрылыс материалдарын талдау және сөгу жұмыстары жасалуда./фото: ТЖМ
Астананың орталығындағы құрылыс материалдарын талдау және сөгу жұмыстары жасалуда./фото: ТЖМ

Астананың Нұра ауданы Тұран даңғылының бойында тұрған сауда-ойын сауық орталығында өрт шықты. Құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп жетті.

Өрт екінші қабатты шарпыған

Олар дереу өрт сөндіру жұмыстарын бастап кетті. Құтқарушылар қарқынды әрекет етіп жатыр. Бұл Астананың сауда орталығында өртті сөндіру күрделі екенін көрсетсе керек.

Өрт сауда-ойын сауық орталығының негізгі және қосымша ғимараттарының 2-қабатын шарпыған. Қазір құрылыс материалдарын талдау және сөгу жұмыстары жасалуда.

ТМЖ жедел хабар таратып жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі құтқарушылар мен өрт сөндірушілдердің әрбір жұмысының сәттерін тіркеп, видео және фото суреттер жариялап жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, орталық – «Сарыарқа» деп аталады. Құтқарушылар жоғары дәреже бойынша әрекет жасап жатыр. Қазіргі таңда өрт тұйықталып, таралу қаупі сейілген. Астананың бұл орталығында өрт сөндіру шаралары қатаң бақылануда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

ТЖМ ақпаратына қарағанда, екі қабатты ғимараттың сыртқы қаптау материалдары жанған.  Орталықтың қонақтары жылдам ғимараттан шығарылған.

Министрліктің мәліметше, өрт кесірінен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түспеген.

Мұның алдында Астанадан Ақтауға ұшқалы тұрған FlyArystan бортындағы жолаушы сөмкесінен өрт шыққан еді.