Энергетика министрі газ, жылу және жарық бағасының неліктен қымбаттағанын айтты

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газ бен жарық бағасының неліктен күрт қымбаттағаны туралы пікір білдірді.
Ол 2025 жылға арналған жоспарды бекітіп отыр.
«Желі 90 пайызға тозған»
«Энергитика министрлігі өзінің құзыры аясында энергетика секторының сенімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алып жатыр. Біз электр стансаларындағы тарифтерді көтердік. Олардың тозу деңгейі 90 пайызға жетіп отыр», – деді министр.
Оның айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесіде 19 стансаны «қызыл аймақтан» шыққан. Былтыр шыққан Энергетика туралы заң бойынша министрлікке жылумен қамтамасыз ету қызметі берілген.
347 млрд теңге инвестиция
Алмасадам Сәтқалиев бағаның қымбаттауына желілердің тозуы да себеп болды деп санайды.
«Біз қала ішіндегі жылу жүйелерінің магистралды желісіне жауап береміз. Бұл жерде де тозушылық бар. Былтыр энергетикалық саланың тұрақты жұмыс жасауды қамтамасыз етуге арналған инвестициялардың жалпы көлемі 347 млрд теңге болды», – деді министр.
«Жүйелер бюджет ақшасына салынып жатыр»
Дейтұрғанмен, энергетика министрі мұның өтемі бюджеттен екенін алға тартып отыр.
«Оның елеулі бөлігі республикалық бюджеттен жабылды. Тарифке түсетін жүктемені азайту үшін, орасан зор желілердің саны, жылу жүйелері жергілікті және республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып жатыр», – деді министр.
Алмасадам Сәтқалиев есеп дұрыс есептелінбеуі, яғни оператор тарапынан баға көтерілуі мүмкін екенін атады.
Қымбат тариф түспей ме?
Сондай-ақ ол «Қазақстандықтар бұдан кейін де қымбат тарифтерді төлей бере ме?» деген сауалға да жауап берді.
Сәтқалиевтің айтуынша, электр қуаты, жылу және газға тікелей шот бар. Тұтынған көлем көрсетілген қызметтің көлеміне көбейтіледі. Содан кейін шот көлемі пайда болады.
«Тұтынуды қысқарту мүмкіндігі бар. Барлық елдердегідей оңтайландыруға болады. Түзетуші есептегіш құралын енгізуге қажет. Бәсекелес нарық туралы сөз еткенде, өзіңізге ыңғайлы жеткізіп берушіні таңдай аласыз. Алайда, белгілеген тарифтермен сәйкес болса, негізгі сома объективті болып табылады», – деді Энергетика министрі.
Жиында не айтылды?
Бүгін аталмыш министрліктің алқа отырысы өтті. Онда атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Сонымен қатар биылғы негізгі міндеттер айқындалды.
Жиынға мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдар қатысты. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың және кәсіпорындардың өкілдері келді.
Алмасадам Сәтқалиев қиындықтар болғанын алған тартты. Бұған қарамастан өткен жылдың еліміздегі отын-энергетика кешені үшін даму жылы болғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, бірқатар бағыттарда жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткен. Тіпті, артығымен орындалған тұстары да бар.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде ешқашан тұрақты, өзгермейтін баға болмайтынын айтқан еді.