
Тоқаев Ердоғанды құттықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен.
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстанның көшбасшысы түрік әріптесін туған күнімен құттықтаған.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді», – делінген хабарламада.
Тоқаев Ердоғанды құттықтай отырып, екі ел арасындағы өзекті мәселелерді де сөз еткен. Тоқаев пен Ердоған екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту жөнінде сөйлескен. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқынына көңілдері толатынын айтқан.
Тоқаев Ердоғанды келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтаған. Ұлық мереке алдында бауырлас екі ел басшылары халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.
Мұның алдында Тоқаев Анкара маңындағы жарылыстан кейін, Ердоғанға көңіл айтқан болатын.