
Осы жылдың бірінші ақпанындағы есеп бойынша, зейнетақы қорындағы активтер көлемі 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы бір айда қордағы қаражат 4 трлн немесе 25%-ға өскен.
Қазақстандықтар қанша зейнетақы алады?
БЖЗҚ-ның мәліметіне сүйенетін болсақ, елдегі ең төменгі зейнетақы – 35 523 мың теңге. Ал Қазақстан бойынша ең жоғары зейнетақы – 993 040 теңге
2025 жылдың қаңтарында қордан зейнет жасына толуына байланысты 16,78 млрд теңге аударылған. Ол өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,2%-ға жоғары.
Дәл осы уақыт аралығында мұрагерлік төлемдер 6,32 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға арналған төлемдер 272,60 млрд теңгені құраған. Қазақстаннан тыс елдерге тұруға кеткен азаматтарға 3,29 млрд теңге берілді. Ал жерлеуге арналған төлемдер 989,23 млрд-қа тең. Сақтандыру ұйымдарына 23,1 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды.
2025 жылдың қаңтарында салымшылардың шотына 234,24 млрд теңге зейнетақы жарнасы түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,8% немесе 46,56 млрд теңгеге артық.
Еске салайық, осы жылы қаңтарда зейнетақы қорындағы 22,3 трлн теңге инвестициялық шығынға ұшырады. Оған өткен айдағы валюта бағамының құбылуы, мемлекеттік бағалы қағаздардың арзандауы себеп болған.
Одан бөлек Дональд Трамп қабылдаған қаулылар, шетелдік нарықтағы құбылмалылық ықпал еткен.