
Илон Маск бір күннің ішінде 22 млрд доллардан айрылды. Соған қарамастан, миллиардер әлемнің ең бай адамы атағын жоғалта қойған жоқ.
Басты себеп
Миллиардер дәулетінің бір тәуліктің ішінде ғана қыруар ақшаға қысқарып қалуына Tesla автобрендінің нарықтағы капиталының 1 трлн доллардан түсіп кетуі себеп болды. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Сейсенбі, 25 ақпанда, Tesla құнды қағаздары 8,4%-ға арзандап, 302,8 долларға дейін төмендеген.
Бай адамдар
Басылым мәліметінше, Маск осымен төртінші мәрте бір сәтте қыруар ақшадан қағылып отыр. Соған қарамастан, ол әлемнің ең бай адамы атағын сақтап қалды.
- Bloomberg Илон Маск дәулетін 358 млрд доллар деп бағалады.
- Екінші орында Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос тұр – 233 млрд доллар.
- Meta басшысы Марк Цукерберг 232 млрд доллар дәулетімен үшінші орынға жайғасты.
Масктің өрлеу тарихы
2021 жылғы қаңтарда Илон Маск әлемнің ең бай адамы атанды. Сол кезде ол 194,8 млрд доллармен Amazon басшысы Джефф Безосты басып озды.
Дональд Трамп 2024 жылғы күзде АҚШ президенті атанған уақытта Маск дәулеті одан сайын арта түсті. Себебі миллиардер президент сайлауында Трампқа қолдау көрсеткен.
2024 жылғы желтоқсанда Маск адамзат тарихында 400 млрд доллар жинаған алғашқы адам атанды. Осыншама көп байлықты Илонға дейін ешкім жиып көрмеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметінің бір өкілі миллиардер Илон Масктың штат қысқарту әдісін елде пайдаланғысы келетін мәлімдеген.