Жоспар толық орындалмады: Қазақстан былтыр 87,7 млн тонна ғана мұнай өндірді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Энергетика министрлігі 8 мұнай-газ кен орнын аукционда сатты
Қазақстан 2025 жылы 96,2 млн тонна мұнай өндіруді көздеп отыр / фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылы Қазақстанда 87,7 млн тонна мұнай өндірілді. Үкімет былтыр 90,5 млн тонн мұнай алуды көздеген.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнай өндірісіне қатысты жоспардың толық орындалмауы себебін «Теңіз» және «Қашаған» ірі кен орындарындағы жөндеу жұмыстарымен, сонымен бірге халықаралық келісімдерге байланысты уақытша шектеулермен» түсіндірді.

Үкімет жоспары

Министрдің айтуынша, 2025 жылы 96,2 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Билік негізінен «Теңіз» кен орнына иек артады.

«Өндіріс көрсеткіші ең алдымен «Теңіз» кен орнында кеңейту жобасының арқасында өседі деп жоспарланды. Ол 2025 жылдың бірінші жартысында іске қосылуға тиіс. Бұған қоса «Қарашығанақта», Каспий шельфi қайраңында («Қаламқас-Теңіз» және «Хазар») жұмыстар жалғасып жатыр», – дейді министр.

Мұнай экспорты

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, 2024 жылы Қазақстан 68,6 млн тонна мұнай экспорттады. 2025 жылы 70,5 млн тонна экспорттау жоспарланып отыр.

Қазақ мұнай негізінен Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК), «Атырау-Самара» және «Атасу-Алашанькоу» құбырлары, сонымен бірге Ақтау порты арқылы шетелге тасымалданады.

Сондай-ақ оқыңыз