Ақтауда ауа райының қолайсыздығынан әуежай жұмысын уақытша тоқтатып, жолдар жабылды
Жарияланды
(жаңартылды )

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау әуежайы жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін уақытша жабылды.
Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 6 рейс кешіктіріліп, 2 рейс тоқтатылған.
Баспасөз қызметі рейстер туралы ақпаратты ресми сайт пен анықтама бюросының 8 (7292) 609755 телефоны арқылы біліп отыруға шақырады.
Қазіргі уақытта мына рейстер кешігіп жатыр.
FS7278/7277 Ақтау-Атырау-Ақтау
DV731 Алматы-Ақтау
FS7625 Ақтау-Ыстанбұл
FS7276 Ақтау-Атырау
DV780 Көкшетау-Ақтау
FS7375 Ақтау-Астана
Тоқтатылған рейстер:
DV709/742 Шымкент-Ақтау-Астана
DV741/710 Астана-Ақтау-Шымкент
Әуежай жолаушыларды жағдайға түсіністік танытып, өзекті ақпаратты бақылаулап отыруды сұрайды.
Бұдан бөлек Маңғыстау облысында жауған қар салдарынан бірнеше автожол жабылып, полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.