Бюджетке өзгеріс енді: былтыр игерілмеген 755 млн теңге 2025 жылы жұмсалады

Қаржы министрлігі 2025-2027 жылға арналған бюджет жобасына өзгеріс енгізбек. 2024 жылы игерілмей қалған 755 млн теңге биыл бюджет шығынын жабуға жұмсалады. Министрліктің қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған.
Соған сәйкес, 2025 жылғы бюджет шығыны 755 млн теңгеге артады. 2024 жыл соңында бекітілген бюджет жоспарына сәйкес, биыл бюджет шығыны 25 трлн 193 млрд теңгені құрауы тиіс еді. Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, бюджет шығыны 25 трлн 194 млрд теңгеге жетіп қалады.
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44 және 104-баптарына сәйкес, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша өткен жылдың тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыру мақсатында 2024 жылдың соңына республикалық бюджет қаражатының қалдықтары тартылды», делінген түсіндірме жазбасында.
2025 жылы бюджет кірісі қандай болмақ?
Биыл бюджет кірісі 21,3 трлн теңгегін құрайды деп жоспарланған. Ал шығыны 24,12 трлн теңгеге жуықтайды. Былтыр игерілмеген нысаналы тарансферт есебінен бюжет шығыны да, бюджет тапшығылығы да артады. Бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңге болса, мұнайға қатысты емес тапшылық 11 трлн теңгеден асады.
755 млн теңге қайда жұмсалады
2024 жылы игерілмей қалған даму трансферттерден 463,9 млн теңге Үшкі істер министрлігіне бөлінеді. Сонымен қатар, Ақтаудағы түзету мекемесінің құрылыс жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді.
Одан бөлек шекара бекеттерін жаңғыртуға қосымша 120,2 млн теңге, Ғылым және жоғары білім министрлігіне ғылымды дамыту үшін 171,1 млн теңге жұмсалады.