Үкімет 2026 жылы Ұлттық қордан алынатын қаражатқа шектеу қоймақ

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
ұлттық қордан
Ұлттық қордан алынатын қаржы шектелмек / Фото: shutterstock

Үкімет 2026 жылы Ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт көлемін қатаң шектеуге ниетті. Ол кепілдендірілген трансфертттің 30%-нан аспауы тиіс. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексі талқыланған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

«Яғни, егер кепілдендірілген трансферт 2 трлн теңге болса, онда нысаналы трансферттің шекті мөлшері 600 млрд теңгеден аспауы тиіс. Сондықтан 2026-2028 жылдарға арналған болжамда Ұлттық қордан алынатын қаражаттың ең жоғарғы мөлшерін 2,6 трлн теңге деңгейінде белгіледік», – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, нысаналы трансферт тек ел үшін стратегиялық маңызы бар жобалар мен маңызды инфрақұрылымға жұмсалады.

Ұлттық қорда қазір 32,65 трлн теңге жинақталған. 2025 жыл басында бір айда қордағы қаржы 402 млрд теңгеге азайды.

2024 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін қордан 6,3 трлн теңге пайдаланылды. Оның тек 2 трлн теңгесі – кепілдендірілген трансферт болса, 3,6 трлн теңгесі – нысаналы трансферт. 

Сондай-ақ оқыңыз