
Қазақстандықтар Amazon Kuiper-дің интернетін 2026 жылдан бастап пайдалана алады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі компания өкілдерімен кездесті.
Екі тарап Kuiper спутник желісінің жер үсті сегментін Қазақстанда орналастыруды талқылаған.
«Қазір Қазақстанды жаһандық спутниктік экожүйенің маңызды бөлігіне айналдыру үшін жобаның егжей-тегжейлерін бірлесіп қарап жатырмыз», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Amazon Kuiper-дің Қазақстанға келуі туралы әңгіме 2024 жылдың күзінен басталды. Сол кезде Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан Джеф Безостың компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр деген еді.
Осы жылы ақпанда Amazon Kuiper Kazakhstan Limited атты компания «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелді. Компания капиталы – 480 млн теңге.