255 мың емес. Енді телефонына миллионнан көп ақша түскендерді ғана тексереді

Жарияланды
Мобильді аударымдар шегі өзгереді/ Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа шегі бекітілді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов хабарлады.

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Біржановтан мобильді аударымдар жайлы сұрады.

«Біз соманы 255 мыңнан бір миллионға дейін көбейттік. Жалпы алғанда үш ай ішінде бір миллион болса», – деп түсіндірді вице-министр.

Еске салайық, осы жылдан бастап үш ай қатарынан әртүрлі 100 тұлғадан қаржы аударымы түскен қазақстандықтар жайлы банк салық органдарына хабарлауы керек. Кейінірек депутат Азат Перуашев бұл өзгерісті сынға алып, мобильді аударымдардың жалпы көлемі миллионнан асатын тұлғаларды тексеру керек деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз