
Пекинде Xiaomi 15 Ultra смартфоны таныстырылды. Технологияның жаңа жетістігі тарихтағы ең жетілген камерофон атағына таласады.
Камерофонның басты ерекшеліктері
Құрылғыға орнатылған аппараттар өте мықты, ал күрделі оптикалық жүйесіне жататын телеобъектив қуаты 200 Мп.
Смартфонның тез жұмыс істеуіне озық үлгідегі Snapdragon 8 Elite чипі мен 16 Гб жылдам шапшаң жады көмектеседі.
Оның өнімділігін қуатты кәсіби компьютермен салыстыруға болады, бірақ электр энергиясын өте аз пайдаланады. 256 Гб, 512 Гб және 1 Тб жады бар түрлері шығарылады.
Суыту жүйесіне ерекше екі арналы шеңбер тәріздес жүйе орнатылған, соның арқасында Xiaomi 15 Ultra басқа да смартфондарға қарағанда өндіріс жүгін жеңіл көтереді.
Қуаты қаншаға жетеді?
Смартфонға 6000 мА*с батареясы орнатылған, яғни Xiaomi 14 Ultra-ға қарағанда 700 мА*с-ға көбірек жұмыс істей алады. Аккумулятор тез қуатталады.
Судан, ластанудан сақтануы IP69 стандартына сай. Оған 2K тарта алатын AMOLED-дисплей орнатылған.

Видео сапасы
Төрт камерадан тұратын басты оптикалық жүйесі Leica Ultra-Pure деп аталады. Бет жағында 32-мегапиксельдік селфи-камерасы бар.
Компаниядағылар «төрт камералы кәсіби оптикалық жүйе» 28 мәрте жақындатқанның өзінде сапасын жоғалтпайды дейді. Бұған қоса, түнді түсірген уақытта қажетті «керемет мүмкіндіктерге» бай.
Ал видеосына келер болсақ, секундына 120 кадрлық 4K форматта, сонымен бірге жартылай фокустық 8К форматта да контент түсіруге болады.
Xiaomi AISP 2.0 есептеу жүйесі бір секундта 4,3 млрд пиксельді оқи алады. Сонымен бірге, басты камера модуліне 24 қабаттық сәуле тайдырғыш орнатылған.
Қанша тұрады? Қазақстанға қашан келеді?
Қытайда Xiaomi 15 Ultra смартфонын алдын ала тапсырыспен алдыра беруге болады. Гаджет саудаға 3 наурызда шығады.
Бағасы – 6499 юаньнан (шамамен 445 мың теңге) басталады.
Камерофонның әлемдік тұсаукесері 2 наурызда Барселона қаласында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Apple ең арзан iPhone 16E смартфонын таныстырған. АҚШ-та смартфон саудасы басталып кетті, ал әлемнің басқа да елдері, соның ішінде Қазақстан, iPhone 16E-ні 28 ақпаннан бастап тасырыспен алдырта алады.