
2 наурыз, жексенбі күні қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев (21-2) АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде басты жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – Анголадан шыққан Манел Капе (20-7). Айта кетейік Асу Алмабаев UFC тарихындағы басты жекпе-жекте өнер көрсететін алғашқы қазақ.
Жекпе-жекті қайдан көруге болады?
Тікелей эфирді 2 наурыз күні сағат таңғы 06:20 Setanta Sports 2 телеарнасы мен
UFC-дің ресми сайтынан көруге болады.
Асу Алмабаев қазіргі таңда UFC-дің жеңіл салмақтағы ТОП-10 рейтингінде 8-орында тұр. Өзінің соңғы кездесуінде бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Ал, Манел Капе UFC-дегі 8 жекпе-жегінде 5 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Оның соңғы жекпе-жегі Бруно Силваны (14-6-2) нокаутпен жеңді.
Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шықпайтыны туралы жазған едік.