Қазақстанда ақпан айында 17 жасырын есірткі зертханасы жойылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

Қазақстанда ақпан айында 17 жасырын есірткі зертханасы анықталып, 19 күдікті ұсталды. Полиция 80 кг eсірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Жалпы, жыл басынан бері елімізде 42 eсірткі зертханасы жойылып, 100 кг-нан астам eсірткі тәркіленген.

Ең ірі наркобизнес Қызылорда облысында анықталды

Ішкі істер министрлігіне қарасты Eсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан ең ірі нарколаборатория Қызылорда облысында анықталғанын мәлімдеді.

46 жастағы ер адам жасырын eсірткі зертханасын ұйымдастырған. Оған туыстары да көмектескен. Элиталық сорттағы eсірткі өсіріп, ірі көлемде сатуды көздеген.

Полиция есірткімен күресті күшейтті

Жыл басынан бері Қазақстанда:

  • 42 eсірткі зертханасы жойылды
  • 100 кг-нан астам eсірткі тәркіленді
  • 1257 eсірткі сататын сайт бұғатталды
  • Әлеуметтік желідегі 76 арна жабылды

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысымен күресті күшейтіп, онлайн және офлайн есірткі саудасын тоқтату бағытында жұмыс жалғасатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз