Жаңалықтар

«Отбасы» банктің «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасына кімдер қатыса алады

Отбасы  банктің "Наурыз-жұмыскер" бағддарламасына
«Отбасы» банктің «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасына өтініш қабылдау 17 наурызда басталады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Отбасы» банктің «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасына өтініш қабылдау 17 наурызда басталады. Бұл турады Сенатта өткен парламенттік тыңдау кезінде «Отбасы» банктің төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«17 наурыздан бастап, «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасын іске қосамыз. Бұл «Наруыз» бағдарламасының бір бөлігі», – деді банк басшысы.

Бағдарламаның «Наурыздан» айырмашылығы

Ирагимованың айтуынша, екі бағдарлама шарттарының айырмашылығы бар. «Наурыз» бағдарламасы негізінен жас отбасыларға бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша өтініш қабылдау «Отбасы» бакн порталында жүзеге асырылады. Ал өтініштерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Ал «Наурыз – жұмыскер» бағдарламасына тек жұмысшы топ өкілдері ғана қатыса алады.

«Премьер-министр 8 қаңтарда жұмыскерлерге арналған ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Сондықтан біз жұмыскерлердің өтінішін бөлек қабылдауды жөн деп таптық», – деді банк төрағасы.

Кім бірінші өтініш берсе, сол алады

Банк өкілі бұл бағдарламаға өтініш қабылдау басқа тәртіппен жүзеге асырылатынын хабарлады. 17 наурызда банктің барлық филиалдары жұмыс істейді. Өтініш қабылдау филиалдарда жүзеге асырылады.

«Кім филиалға бірінші келсе, сол адам пәтер таңдау және ипотекалық несие алу мүмкіндіктеріне болады», – дейді Ибрагимова.

Өтініш тапсыруға келген адам міндетті түрде жұмыс орнынан анықтама қағазын әкелуі керек. Банк қызметкері қағазда көрсетілген жұмыс беруші мекеменің БСН (БИН) кодын тексереді. Бұдан кейін өтініш берушінің мамандығы тексеріледі.

Бірінші кезекте тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің, өнеркәсіпке қатысты барлық салалардың, сонымен бірге энергетика, көлік, ауылшаруашылық, су ресурстары саласы жұмысшыларының баспаналы болуына басымдық беріледі.

Бағдарламаға кімдер қатыса алмайды?

«Өтініш беретін адамдар жұмысшы санаттың мамандары болуы міндет. Яғни техниктер, технологтар, көлік жүргізушілер сынды мамандар болуы керек. Ал өнеркәсіп орындарында істейтін PR мамандары, офис-менеджерлер, бухгалтерлер сынды ауыр жұмысқа қатысы жоқ адамдар бағдарламаға қатыса алмайды», – деді Ибрагимова.

Жұмысшыларға қандай сомадағы үйлер беріледі?

Әр өңірде баспанаға бөлінген сома құбылып отырады. Өңірлер бойынша банк бекіткен баға келесідей:

  • Алматы – 36 млн теңге;
  • Астана – 36 млн теңге;
  • Облыс орталықтарында – 30 млн теңге.

Айта кетсек, «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үй бағдарламасына өтініш беру 5 наурызда басталады. Үй алуға ниетті адамдар өтінішті «Отбасы» банктің платформасы арқылы бере алады.