
Антарктидадағы мұздықтардың еруі су астындағы мұз жарлардың құлауына әкеп соғуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл алып цунамиге себепші болмақ.
Nature Communications есебінше, бұл су астындағы апаттар Оңтүстік Америка, Жаңа Зеландия және Оңтүстік-Шығыс Азияның жағалауларын су басу қатерін тудырады.
Мұхит түбін зерттеу
Ғалымдар мұхит табанынан сынама алып, сол жерден қопарылмалы шөгінділерді тапқан. Бұл шөгінділер бұрын мұхит толқындарын тудырыпты. Бұл шөгінділер шамамен үш және 15 миллион жыл бұрын пайда болса керек. Ол кезде Антарктидағы жағалау суының температурасы қазіргі уақыттан үш градусқа жоғары болған көрінеді.
Су астындағы мұз жарлардың құлауы
Фитопланктонның өлуі оның қалдықтарын су түбіне шөгінді түрінде қалдырып отырған. Бұл шөгінділер сырғанау қабатын жасапты. Бұл жайт мұз жарлардың сырғып құлауына әкелуі әбден мүмкін. Мұндай апаттар алып толқындарды тудырады.
Жаһандық жылыну және апаттардың қаупі
Мамандар жаһандық жылыну мен климаттық өзгерістерге баса назар айдарып отыр. Өйткені, олар Антарктидадағы мұздықтарды өзгертіп, су астындағы апаттардың қаупін арттырып жатыр. Мұздықтардың еруі жаңа апаттарға әкеп соғуы мүмкін.
Антарктидадағы метан шығарындылары
Испаниялық ғалымдар бұрын Антарктидағы метанның үлкен көлемдегі шығарындыларын анықтаған болатын. Олар бұл жаңалықты «планетаның климаты үшін бомба» деп атады. Себебі, метан — күшті парникті газ болып, климаттың өзгеруін тездетеді.
Мұның алдында «Коперник» климаттың өзгерісін бақылау қызметі алаңдатарлық ақпарат таратты. Оның мәліметіне сенсек, 2024 жыл бақылау тарихындағы ең жылы жыл болған. Әлемдегі орташа температура алғаш рет өнеркәсіптік кезеңге дейінгі деңгейден 1,5 градусқа артқан.