
Samsung өте арзан смартфондарды шығарды. Олар – Galaxy M06 5G және Galaxy M16 5G. Бұл смартфондардың ерекшелігі – өте арзан бағасында.
Сnews ақпаратына қарағанда, олардың бағасы 55 398 теңге шамасында болады. Арзандығына қарамастан сапасы ақсамайды. Мәселен, Galaxy S25-дағыдай тез қуаттағышы бар. 2025 жылдың наурыз айынан бастап сатыла бастайды.
Ерекшелігі неде?
Samsung өте арзан смартфондары – Galaxy M06 5G және Galaxy M16 5G-тің ерекшеліктері мен бағасына егжей-тегжейлі тоқтала кеткен жөн.
Galaxy M16 5G бастапқы конфигурациясы (4 ГБ RAM және 128 ГБ ROM) 65 мың теңге тұрады. Ал 6/128 ГБ нұсқасы 74 мың теңге болады.
Смартфондар қалай жұмыс істейді?
Экранына келсек, 6,7 дюймдік Super AMOLED дисплейі бар. M06 5G HD+ рұқсатымен жұмыс істесе, M16 5G Full HD+ рұқсатымен жұмыс істейді. Екі модельде де экран жаңарту жиілігі – 90 Гц.
Процессоры туралы сөз етсек, MediaTek Dimensity 6300, 6 нм технологиясымен шығарылады. 8 ядролы процессор, атап айтқанда, 2 ядро –Cortex-A76 2,4 ГГц және 6 ядро – Cortex-A55 2 ГГц), графикасы – Mali-G57 MP2.
Камераларының сапасы
Камераларына тоқталсақ, M06 5G: 50 МП негізгі камерасы, 2 МП көмекші және 8 МП фронтальды камерасы бар.
M16 5G-де 50+5+2 МП негізгі камера және 13 МП фронтальды камера орнатылған.
Батареясы 5000 мАч және 25 Вт-пен жылдам қуатталады.
Қосымша мүмкіндіктері
Операциялық жүйері жаман емес. One UI 7 және Android 15, ал Galaxy M06 5G үшін 4 жылдық, M16 5G үшін 6 жылдық қауіпсіздік жаңартулары беріліп отырады.
IP54 деңгейіндегі су мен шаңнан қорғау, оқшауланған аудио наушник үшін жеке қосқыш секілді қосымша мүмкіндіктер қарастырылған.
Қолжетімді телефон
Samsung осы смартфондарды қолжетімді бағамен ұсынбақ. Оларды жаңа технологиялар мен бюджеттік смартфондарға сұраныс артқан елдерде сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.
Galaxy M06 5G және M16 5G үлгілері қалтасы жұқа адамдарға арналған. Бірақ флагмандық смартфондармен салыстырғанда қуатты технологиялармен жабдықталған.