Қазақ баласы жасаған жаңа технология автокөлік саласында төңкеріс жасауы мүмкін

Қазақ баласы ашқан жаңа технология автокөлік саласында төңкеріс жасауы мүмкін. Әңгіме TaiSan негізін қалаушы Санжар Тайжан туралы болып отыр.
Ұлыбританиялық Вusinessweekly басылымының жазуынша, TaiSan жаңашыл технологиясы автокөлік және микромобильді өндіріс үшін түбегейлі өзгеріс әкелуі ықтимал.
Химияны жаңа деңгейге шығарады
Бұл ақпарат көзінің мәліметінше, TaiSan негізін қалаушы және бас директоры Санжар Тайжан мен Эмма Антония аккумулятор технологиясының шекарасын кеңейтіп, химияны жаңа деңгейге шығарады.
Қазақ баласы Санжар Тайжан MAGNA International автокөлік бөлшектері демеушілік көрсететін импульстік мектептің шәкіртақысын алған. Аккумулятордан қуат алатын электромобильдер үшін квази қатты натрий технологиясын дамытып жатыр.
Батареялардың құны қымбат болмайды
TaiSan қазір жаңа полимерлі электролит және анод материалын әзірлеп шыққан. Ол натрий қуатының беріктігін арттыруға қабілетті. Сондай-ақ құны қымбатқа түспейді.
«Натрий батареялары ауыр және үлкен болып келеді. Біз мүлде жаңа электролитті материал жасап шықтық. Алғашқы квази қатты натрий батареялары жасалады. Мұның басқалардан өзгешелігі, кішкентай әрі жеңіл», – дейді қазақ баласы Санжар Тайжан.
Басқа қандай басымдықтарға ие?
Оның сөзіне қарағанда, бұл технология бағасы, тұрақтылығы және қауіпсіздігі тұрғысынан елеулі басымдыққа ие болғалы отыр.
Былтыр TaiSan «Ең жақсы өсім» марапатын алып отыр. Жиналған қаржы 1,3 млн фунт стерлинг көлемінде. EIT InnoEnergy, TSP Ventures, Heartfelt VC және Exergon қатты қызығушылық танытқан.
Ғылымдағы төңкеріс
Басылым берген бағасына сенсек, қазақ баласы жасап шығарған технология биыл сынақтан өтеді. Меморандумдарға қол қойылған. Бұл жаңашылдық автокөлік және микромобильдер өндірісінде төңкеріс жасауы ықтимал. Енді электромобильдер иелері алыс сапарға шығуға жүрексінбейтін болмақ. Өйткені, жаңа технология қуаттау уақытын қысқартып, жалпы шығындарды барынша азатпақ.
Санжар Тайжан кім?
Санжар Тайжан – Батыс елдерінде жұмыс істеп, жаңалықтарымен жұртты таңқалдырып жүрген жүрген қазақ баласы. Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат Болатхан Тайжандай асылдың сынығы. Әкесі – экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан.
Мұның алдында Жапонияның ірі автокөлік компаниялары электромобиль шығаруды қолға ала бастағанын жазған еді.