Жаңалықтар

Жүк көліктеріне жолда шектеу қойылады

Жүк көліктеріне бірнеше аймақта шектеу қойылмақ/фото: KursivMedia мұрағаты
Жүк көліктеріне бірнеше аймақта шектеу қойылмақ/фото: KursivMedia мұрағаты

2025 жылғы 1 наурыздан бастап ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылады.

«ҚазАвтоЖол» хабарлауынша, рұқсат етілетін жүк көліктерінің жүктемесі 8 тоннадан аспауы тиіс.

«2025 жылғы көктемгі кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес, жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізілетінін хабарлайды», – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«Қазавтожол» мәліметінше, шектеу бірнеше аймақты қамтиды.

«2025 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін «бесінші жол климаттық аймаққа» жататын келесі сегіз облыста шектеу енгізіледі», – деп хабарлады компания.

Атап айтатын болсақ, олардың қатарында Алматы облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Жетісу облысы, Түркістан облысы бар.

Айта кететін жайт, бұл – Премьер-министр Олжас Бектеновтің бұйрығы. Ол артық салмағы бар жүк көліктерін жолға шығармауға тапсырма берген болатын. Сонымен қатар, жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелер орнату жөнінде мәселе көтерген еді. Бұл шара жолдарды тозудан сақтау үшін жасалып жатыр.