Ресей АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруды ұсынды

Ресейлік дипломаттар америкалық делегацияға екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруды ұсынды. АҚШ Украинадағы әскери операция басталғаннан кейін Ресей ұшақтарының әуе кеңістігін жапқан болатын.
Стамбулдағы келіссөздер барысында Ресей делегациясы АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру туралы бастама көтергенін Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, тараптар сондай-ақ дипломатиялық миссияларды қаржыландыру мен дипломаттардың жұмысын талқылаған.
«Талқылаулар мазмұнды әрі іскерлік сипатта өтті. Осы арна арқылы диалогты жалғастыру туралы келісім жасалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, АҚШ пен Ресей делегацияларының келіссөзі Ыстанбұлда америкалық бас консулдық ғимаратында өтті. БАҚ мәліметінше, тараптар АҚШ пен Ресей елшіліктері жұмысын талқылады. Бұған дейінгі келіссөздер барысында Мәскеу мен Вашингтон дипломатиялық миссияға кіретін адам санын қалпына келтіруге келіскен.
АҚШ мемлекеттік департаменті Ыстанбұлдағы кездесуде украин тақырыбы талқыланбайды деп хабарлаған.