Атырау облысында пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккен

Жарияланды
Атырау облысында жүк пойызы мен КАМАЗ көлігі соқтығысты
Атырау облысында жүк пойызы мен КАМАЗ көлігі соқтығысты / Фото: kursiv.media

Атырау облысында Тендік станциясындағы теміржол өткелінде жүк пойызы КАМАЗ көлігімен соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккен. Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 1 наурыз күні, таңғы сағат 10 шамасында болған. «ҚТЖ» мәліметінше, жүк көлігі пойыз қозғалысы кезінде теміржолға шығып кеткен. Салдарынан локомотив құрамы КАМАЗ көлігіне келіп соқтығысқан. Апатта локомотив пен 11 жүк вагоны рельстен шығып кеткен.

Оқиға кезінде локомотив бригадасының мүшелері – машинист пен оның көмекшісі және машинисттің дублері зардап шеккен. Алдын ала мәліметке сенсек, адамдар ауыр аяқ жарақатын алған.

«Оқиға орнында төтенше қызметтер жұмыс істеуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», – делінген баспасөз хабарламасында.

Екі апта бұрын Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнері жарылған болатын. Контейнер ішінде электр жабдықтары мен трансформаторлар, генераторлар болғаны айтылады. 

Сондай-ақ оқыңыз