Lifestyle

Асу Алмабаев португалиялық Манел Капеден жеңіліп қалды

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев алғаш рет жеңіліс тапты. Фото: wealthypeeps.com

Қазақстандық ММА спортшысы Асу Алмабаев 2025 жылдың 2 наурызында Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 253 турнирінде алғаш рет жеңілді. Ол португалиялық Манел Капеге үшінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберді.

Бұл жекпе-жек Асу үшін UFC-дегі алғашқы жеңіліс болды. Оның промоушендегі статистикасы қазір – 4-1.

Айта кету керек, Асу Алмабаев UFC тарихында турнирдің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Жекпе-жектен кейін Асу әлеуметтік желілерде жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, болашақта чемпиондық белбеуді елге әкелуге уәде берді.

Жекпе-жек Setanta Sports 2 телеарнасы мен UFC-дің ресми сайтынан тікелей эфирде көрсетілді.

Асу UFC-дің жеңіл салмақтағы ТОП-10 рейтингінде 8-орында тұрған. Бұған дейінгі кездесуінде бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешімімен жеңген.

Ал Манел Капе UFC-дегі 8 жекпе-жегінде 5 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Оның соңғы жекпе-жегінде Бруно Силваны (14-6-2) нокаутпен жеңді.