Алматыда кәсіпкер және меценат Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланды

Алматы полициясы кәсіпкер және меценат, A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады.
Оның іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат алдымен Lider.kz еріктілер ұйымының әлеуметтік желілерінде жарияланды. Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты Kursiv.Media басылымына растады.
Белгілі болғандай, A Class Medical компаниясының директорын сот шешімімен сырттай екі айға қамауға алу туралы үкім шығарылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оны іздестіріп жатыр.
«Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,- делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жариялаған еді. 27 ақпанда ол Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп жатқан жерінен ұсталды.