
«Самара-Шымкент» тас жолында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, Ақтөбе облысында 33 Өзбекстан азаматы құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Оқиға 2 наурыз түнде Ырғыз елдімекенінен 40 шақырым жерде болған. Автобус Ресейдің Уфа қаласынан Өзбекстанның Самарқанд қаласына бағыт алған. Көлік вахтамен істейтін жұмысшыларды тасымалдаған.
Эвакуацияланған шетелдіктердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар оларды жаңа автобусқа отырғызып жіберген. ТЖМ қолайсыз ауа райында алыс жолдарға шығудың қауіпті екенін ескертеді.
«ҚазАвтоЖол» 2 наурыз күні сағат 9:30-дан бастап Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – Ресей шекарасы» жол учаскесінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысын шектегенін хабарлады.
Сонымен қатар Қызылорда облысында «Ресей шекарасы — Мартук — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — Қытай шекарасы» жол учаскесінде де қозғалыс шектелді.