Алматыда шу шыққан балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды

Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына көшірілмейтін болды. Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева желідегі парақшасында мәлім етті.
Оның айтуынша, мұндай шешім балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Алматы облысы әкімінің кездесуінің нәтижесінде қабылданған.
«Бағанашылдағы балалар үйінде тұрып жатқан балалар сол жерде қалатын болды. Жаңа ғимарат Нүсіпбаев атындағы интернаттың балаларына беріледі» деп жазды Закиева.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облыстық №1 балалар үйі тәрбиеленушілерінің үндеуі шыққан.
Ол жерде балалар өздерін Алматының Бағанашыл ықшамауданында орналасқан баспанасынан шығарып, Қонаевқа көшіргелі жатқанына қарсылық білдірген.
Артынша Алматы облысының Білім басқармасы Бағанашылдағы балалар үйін көруге барып, тәрбиеленушілер облыс әкімімен кездесетінін айтқан.
Ал жаңа ғимарат берілетін болып шешілген Нүсіпбаев атындағы интернаттың жағдайы адам шошырлық күйде болған