Ауа райына байланысты Алматы қаласы мен облысының тұрғындарына ескерту жарияланды

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласы мен облысының таулы аймағында ауа райы бұзылатынына байланысты тұрғындарға ескерту жариялады.
«Қазгидромет» дерегінше, 3 наурыз күні кешкі 20:00-ден 6 наурыз сағат 20:00-ге дейін Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде.
«4 наурызда түнде оңтүстік-шығыстан батыс желі соғады, облыстың орталығында екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. Қонаев қаласында 4-6 наурызда тұман, жолдарда көктайғақ болады. 4 наурызда түнде екпіні 18-23 м/с жететін жел соғады деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Облыстық төтенше жағдайлар қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты таулы аймақтарға жолға шықпауға шақырып, тұрғандарға ескерту жасады.
Бұған дейін бірнеше өңірде дауылдық ескерту жарияланған.