Трамптың мәлімдемесі крпитовалюта нарығының капиталын көтеріп жіберді

2 наурызында АҚШ президенті Дональд Трамп стратегиялық криптовалюта резервін құратынын мәлімдеді. Бұл жаңалық ғаламдық криптовалюта нарығына $300 миллиардтық өсім алып келді.
Трамптың мәлімдемесінде АҚШ крипторезервіне бес негізгі цифрлық валюта енгізілетіні айтылды: Bitcoin, Ethereum, XRP, Solana және Cardano. Бұл жаңалықтан кейін осы криптовалюталардың бағасы айтарлықтай өсті.
Мысалы, Bitcoin құны 11,3%-ға өсіп, $85,2 мыңнан $94,8 мыңға жетті. Ethereum 15,4%-ға өсіп, $2,2 мыңнан $2,5 мыңға дейін көтерілді. XRP 32,7%-ға өсіп, $2,2-ден $2,9-ға жетті. Solana 26,7%-ға өсіп, $140,8-ден $178,46-ға дейін көтерілді. Ал Cardano 74,5%-ға өсіп, $0,6-дан $1,1-ге жетті.
Бұл бастама АҚШ-тың криптовалюта индустриясын қолдауға және дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Трамптың айтуынша, бұл резерв криптоиндустрияны қолдап, оны нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, АҚШ үкіметі бұған дейін $17 миллиардтық Bitcoin қорына ие болғаны белгілі. Бұл жаңа бастама АҚШ-тың цифрлық активтер саласында көшбасшы болуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Алайда, сарапшылар бұл бастаманың ұзақ мерзімді әсері туралы әртүрлі пікірде. Кейбіреулер бұл қадам криптовалюта нарығына тұрақтылық әкеледі деп есептесе, басқалары оның ықтимал тәуекелдері мен салдарын ескеру қажет деп санайды.