Тоқаевтың атына қасиетті Рамазанға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Ақорда хабарлауынша, бұл тізімде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бірінші тұр. Тоқаевтың атына жазылған Араб елдерінің басшылары жүрекжарды тілектері толастар емес. Атап айтқанда, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Рамазанмен құттықтаған.
Сонымен қатар, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум да ерекше ілтипатын білдіріп отыр.
Құттықтаушылардың ішінде Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн, Кувейт Мемлекетінің Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ та бар.
Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа да жеделхат жолдады. Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гаис және басқалары құттықтады. Оның арасында Израиль Президенті Ицхак Герцог те бар.
Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Президент мұның алдында қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады.