Болашақ бағдарламасына құжат қабылдау басталып, басым мамандықтар тізімі шықты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Болашақ бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Болашақ бағдарламасына құжат қабылдау басталды/Коллаж: KursivMedia

«Болашақ» бағдарламасы бойынша іріктеуге қатысуға құжат қабылдау жүріп жатыр. Құжат жарты жыл бойы қабылданып, 17 қазанда аяқталады.

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Құжат egov.kz порталы арқылы қабылданады.

Басым мамандықтар мен квоталар

Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі. 

2025 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 645 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура бағдарламасына – 411 стипендия, докторантура/резидентураға – 41 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 193 стипендия бар.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде стипендия тағайындау үшін төмендегідей квота санаттары көзделген:

  • инженерлік-техникалық қызметкерлер;
  • медицина қызметкерлері;
  • ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер;
  • мемлекеттік қызметшілер.

Тағылымдамадан өту

Бұған қоса, 2025 жылға «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту үшін қызметкерлердің төмендегідей санаттарын бекітті:

  • инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері, жасанды интеллект бойынша мамандар;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері;
  • медицина қызметкерлері;
  • мемлекеттік қызметшілер;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
  • мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
  • судья және сот қызметкерлері.

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 3 наурызда басталып 31 қазанда аяқталады.

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. 

Биыл шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі. 

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша 2025 жылға 250 стипендия бөлінген.

Бұған дейін, Болашақ бағдарламасына іріктеу қағидалары өзгергенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз